×

Ақтауда 500 студентке жатақхана салынып жатыр

Ол жыл соңында пайдалануға беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 18:01
фото: ашық дереккөз

Былтыр Ақтауда қыркүйек айында студенттерге арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталған болатын. Биыл ол жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қабатты жатақхана 3 блоктан тұрады. Жалпы ауданы — 10 723 шаршы метр. Жатақхана жобасында 2 және 3 орындық бөлмелер, медициналық пункт, буфет, оқу бөлмесі, жиналыс залы, киім жуу бөлмесі қарастырылған.

Қазір жатақхананы ішкі әрлеу, инженерлік желілер жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жатақхана 80 пайызға дайын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама