×

Аманқарағай ауылының тұрғындарына алғашқы төлем жасалды

Қаржылай көмекке 48 тұрғыны ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 17:33
фото: tobyl-torgai.kz

Аманқарағай ауылының тұрғындарына алғашқы төлем жасалды. Олардың есеп-шотына бір миллион теңгеден аударылды. Ақша арнайы қоғамдық қордан бөлінді. Бұдан басқа қырылған малдың шығыны өтеледі.

Сонымен бірге Болат Өтемұратовтың қорынан Аманқарағай, Люблинка мен Озерный елді мекеніндегі жүз отбасыға миллион теңгеден берілді. 
Бұл қаражат зардап шеккендерге алғашқы қажеттілік тауарларға кететін шығындарды өтеуге және жаңа үйлер салынып жатқан кезде лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мен Аманқарағайда әйеліммен және сегіз және үш жасар екі баламен тұрдым. Туыстарымның отбасылары көршілес жерде тұрды. Бір күнде барлық үш үй өртеніп кетті. Қазір біз қайын енемнің үйіне көшіп келдік, әзірше осында боламыз. Бір сәтте бәрін жоғалтқанда, кез-келген көмек аса ризашылықпен қабылданады. Біз тек балалардың киімдері мен құжаттарымызды алып үлгердік. Ауа-райының суығына дейін жылы киім сатып алып, балаларды қайтадан мектепке жинап үлгеруіміз керек, –  деді жергілікті тұрғын Алексей Аткин.

Қазір Әулиекөл ауданында табиғи өрттің кесірінен баспанасынан айырылғандар үшін 91 үйдің құрылысы басталды. Жаңа үйлер аудан орталығында салынады. Олардың құрылысына 53 гектар жер учаскесі белгіленді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама