Ереван Бакуді «шекарадағы қалаларды атқылады» деп айыптаса, Әзербайжан Арменияға «диверсия мен арандатушылық жасады» деп кінә таққан болатын
Ресей Сыртқы істер министрлігі Армения мен Әзербайжанды жағдайды одан әрі ушықтырудан аулақ болуға шақырды.
Ресей СІМ тараптарды Ресей, Әзірбайжан және Армения басшыларының 2020 жылғы 9 қарашадағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы және 26 қарашадағы үшжақты мәлімдемелеріне сәйкес, жағдайды одан әрі ушықтырудан аулақ болуға, ұстамдылық танытып, атысты тоқтату режимін қатаң сақтауға шақырды.
Бұл ретте Армения мен Әзірбайжан арасындағы барлық даулар тек саяси-дипломатиялық жолдармен, ал шекаралық мәселелер бойынша Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау жөніндегі екіжақты комиссияның консультативтік-кеңесші кеңесімен жұмысы аясында шешілуге тиіс.
Бұған дейін Ереван Бакуді «шекарадағы қалаларды атқылады» деп айыптаса, Әзербайжан Арменияға «диверсия мен арандатушылық жасады» деп кінә таққан болатын.
Сол сәтте Армения Ресейден, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрады.