Halyq Uni логотип
×

Мұхтар Әблязовтың іздеу жарияланған тағы бір сыбайласы елге қайтарылды

Олар «БТА-Банк» АҚ заңсыз несиелеу арқылы 8,9 млрд теңгеден астам соманы жымқырған

 Динара Амантай 13.09.2022 | 13:41
Мұхтар Әблязовтың іздеу жарияланған тағы бір сыбайласы елге қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Халықаралық іздеуде болған «Жаңа Қалқаман» ЖШС-ның директоры елге қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович 2011 жылдан бастап іздеуде болған.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды. Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады, – делінген хабарламада.

Биыл 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама