Алматыда велосипедпен келе жатқан ер адам жолда көз жұмды
Ер адам өлімінің нақты себін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды
Әлеуметтік желіде велосипед мінген адамның жағдайы нашарлап, жолда қайтыс болғаны туралы жазба жарияланды.
Ішкі істер министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұл дерек ресми түрде тіркелген. Ер адам өлімінің нақты себін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, -делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам велосипед теуіп келе жатып, өзін нашар сезінген.