Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш жолдады
Конституциялық кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш жолдады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің ресми сайтында хабарланды.
Конституциялық кеңес Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Конституциялық кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.