Антикор мамандары 19 қаланың тұрғындарын қабылдамақ
Сұрақтарға білікті заңгерлер жауап береді
Биыл 16 қыркүйекте сағат 16:00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері тұрғындарды қабылдайды, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтардың сұрағына адвокаттар жауап пен кеңес береді. Іске қатысты құжаттарды өзіңізбен бірге алып келе аласыз.
Тұрғындарды қабылдау Қазақстанның барлық ірі қаласында өтеді. Кіру тегін.
Ақпаратты төмендегі бағыт бойынша алуға болады:
- Азаматтық құқық және процесс,
- Банк құқығы,
- Атқарушылық іс жүргізу,
- Неке-отбасы құқығы,
- Мұрагерлік құқық,
- Тұрғын үй құқығы,
- Еңбек құқығы,
- Жер құқығы,
- Қылмыстық құқық және тағы басқа.