Halyq Uni логотип
×

Головкин мен «Канело» бір-бірін айыптады

Боксшылар қолғап түйістіріруге 100 пайыз дайын 

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 17:48
Головкин мен «Канело» бір-бірін айыптады
фото: ашық дереккөз

Головкин мен «Канело» бір-бірін айыптап, мәлімдеме жасады.

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкиннің сөздеріне ашуланып, оны не үшін айыптауға болатынын айтты. Ол  қарсыласымен соңғы екі жекпе-жектің жеңгенін, қазір Головкин соны мойындай алмай, намысына тиетін неше түрлі сөздерді айтып жүргенін ескертті. Сонымен бірге ол боксшыға өзін шаршы алаңда ғана дәлелдеп, шын мықтылығын рингте көрсету керектігін мәлімдеді.  

Менің ойымша, біздің бұған дейінгі екі кездесуіміз де мықты болды. Енді жанкүйерлер үшінші айқасты қалап отыр. Екінші кездесуден кейін жекпе-жекке нүкте қойылатын шығар деп ойлаған едім. Бірақ жанкүйерлер кімнің жеңімпаз екенін нақты анықтамапты. Сол үшін оларға үшінші кездесу керек болады. Үшінші кездесуде бұл тартысқа нүкте қоямын. 

Головкин үнемі мені Мексиканы масқара етіп жүрген адамдай көрсетіп жүр. Солай көрсеткісі келеді. Сол үшін де мен оған ашулымын. Ол былатып сөздерін маған тура қарап айта алмайды. Сол мені қатты ашуландырады. Біз бетпе-бет келгенде ол ештеңе айта алмай қалады. Ол жақсы боксшы. Оған күмәнім жоқ. Бокс тарихындағы ең мықтылардың бірі. Дегенмен көп сөзді қойып, өзін мықты екенін рингте дәлелдеу керек, –  деді ол.

Сонымен бірге ол екеуінің стильдерінің бір-бірімізге жақсы келетінін, қазір Головкинмен қолғап түйістіріруге 100 пайыз дайын екенін айтты.

Геннадий Головкин де мәлімдеме жасап, қарап қалмады.

Ол көп сөйлейді. Маған жала жауып, мен бірдеңені дұрыс айтпаған сияқты етіп, барлық кінәні маған арта салғысы келеді. Бірақ менің айтқанымның барлығы - таза шындық. Мен ол ойлағандай екіжүзді емеспін. Ол допинг тексеруден қашып,  сотқа барып, үшінші кездесуден қашуға тырысты. Біздің келісімшартта реванш туралы шарт бар еді. «Канело» оны бұзды, –  деді Головкин.

Одан әрі отандасымыз «Канелоның» көп өтірік айтатынын, оның сөздеріне қатты мән берудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Бұған дейін  Головкиннің «Канеломен» жұдырықтасу үшін Лас-Вегасқа келгенін хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама