Әкімдіктер бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қаражатты іздестіруде
Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді, деп хабарлайды Telegram-дағы Мәдениет және спорт министрлігінің арнасы.
Ведомство мәліметінше, бүгінде уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.
Бірқатар өңір әкімдігі бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажет қаражатты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақпарат кеңістігінде ArtSport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды, - деп жазылған хабарламада.