Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында полицияның басшылары ұсталды

Олар 3 млн теңге пара алғысы келген

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 16:59
Қостанай облысында полицияның басшылары ұсталды
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысы Денисов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ербол Шошақов, жергілікті полиция қызметінің басшысы мен тағы бір полиция қызметкері ұсталды.

ТоболИнфо порталының хабарлауынша, олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталып отыр. Қазір полицейлер түсініктеме беріп жатыр.

Қостанай облыстық полиция департаменті осы оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, полицейлер «Приреченское» ЖШС-інен көліктері «еш қиындықсыз жүріп-тұруы» үшін 3 млн теңге пара алғысы келген. Жергілікті полиция қызметінің басшысына қатысты үйқамаққа алынды. Ал аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына қатысты бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама