Келесі жылы астанада төрт спорт кешені салынады
Қазір Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны жұмыс істеп тұр
2023 жылы астананың шеткері аудандарында екі спорт кешені салынады.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев әкімдіктің онлайн брифингісінде айтты.
Оның айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 1016 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 32 ірі спорт нысаны бар. Мұнда күніне 7 мыңнан астам адам спортпен айналысады.
Халықтың спортпен ерте жастан бастап айналысуына жағдай жасап, спортқа бұқаралық сипат беру үшін 2021 жылы «Көктал», «Өндіріс», «Үркер», «Железнодорожный» тұрғын алабы сияқты шеткері аудандарда 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған болатын. «Көктал» мен «Өндірісте» екі кешен қолданысқа берілді. «Железнодорожный» мен «Үркерде» 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ ол Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионның қазіргі жағдайы туралы айтты.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы футбол стадионы қайта жасалып жатыр. Бұл стадионды ескірген деп айтуға болады. Қазір «Еуро-3» талабы бойынша жоба іске асуда. Яғни, стадионның сыйымдылығы 4,5 мың адамға жетеді. UEFA-ның стандартына сәйкес болған соң, стадионда спорттық шараларды, Премьер-лиганың мачтарын өткізуге болады. Ол «Astana Artena-дан» кейінгі екінші стадионымыз болады, – деді ол.
Сонымен бірге ол «Қазақстан» спорт кешенінің де қайта жөндеуден өтіп жатқанын атап өтті. Бұрын кешеннің көлемі 10 мың шаршы метр болса, енді тағы 4 мың шаршы метрге кеңейеді. Жаттығу залдары соңғы технологиялық бұйымдармен жабдықталады.