Halyq Uni логотип
×

Алматылық компания қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған

Бұл «Дәрмек» арнайы іс-шарасы барысында анықталды

 Дәурен Ерболат 12.09.2022 | 09:34
Алматылық компания қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған
Фото: 1utilizatsiya.ru

Алматыда полицейлер бір компанияның 320 тоннадан аса химиялық реактивті тиісті деңгейде сақтамағанын анықтады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары алуан түрлі химиялық реагенттер сақталған компанияның қоймаларын тексерген. Нәтижесінде оның қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны белгілі болды.

Техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған. Терезелерде торлар, телефондар болмады.  Сондай-ақ ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді. Шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны – 322 тонна 4 келі, - деді Алматы қаласы ПД  Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Оның айтуынша, бұл дерек негізінде аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Айта кетейік, қалада «Дәрмек» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды. Оның аясында шаһардағы дәріханалар, емханалар, медициналық мекемелер, биохимиялық препараттар айналымына қатысты ұйымдар тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама