×

Төрт қазақ боксшысы турнир жеңімпазы атанды

Бұдан басқа спортшыларымыз бір күміс, алты қола жүлде алды

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 09:11
фото: kfb.kz

Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасындағы ХVII Силезия халықаралық турнирі мәресіне жетіп, финалға шыққан бес қазақ боксшысының төртеуі халықаралық беделді жарыстың жеңімпазы атанды.

Силезия турнирінде Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) бас жүлдені жеңіп алды. 75 кило салмақта Валентина Хальзова турнирдің күміс жүлдесіне ие болды. Қазақстан құрамасында бұдан бөлек 6 қола жүлде бар. Үшінші орынға Жазира Орақбаева (50 кг), Жайна Шекербекова (54 кг),Балауса Мұздиман (54 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Дариға Шәкімова (66 кг) көтерілді.

Осылайша турнирге қатысқан 17 боксшы қыздың 11-і жүлдеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама