Бір күнде COVID-19 жұқтырғандар саны айтарлықтай азайды
16 мыңға жуық науқас емделуде
Елімізде коронавирус жұқтырғындар саны бір күнде 2 есе азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 93 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 16,
- Алматыда – 20,
- Ақмола облысында – 9,
- Атырау облысында – 4,
- Шығыс Қазақстан облысында – 1,
- Абай облысында – 1,
- Батыс Қазақстан облысында – 1,
- Қарағанды облысында – 17,
- Қостанай облысында – 14,
- Маңғыстау облысында – 4,
- Павлодар облысында – 2,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 4.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 391 645 жетті.
Сондай-ақ 231 адам COVID-19-дан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 89,
- Алматы – 24,
- Батыс Қазақстан облысында – 19,
- Қарағанды облысында – 39,
- Ұлытау облысында – 7,
- Маңғыстау облысында – 6,
- Павлодар облысында – 47.
Елімізде барлығы 1 362 359 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 15 983 адам коронавирустан емделуде.
Олардың ішінде 338 пациент стационарда, 15 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусы 180 адамнан табылған еді.