II Елизаветаның соңғы суретінен ерекше нәрсе байқалды
Патшайымның соңғы күндері Балморалда өтті
Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның соңғы фотосуреттерінде ерекше нәрселер байқалды, деп хабарлайды Newsweek порталы.
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Лиз Трасспен кездесу кезінде түсірілген кадрларда патшайымның көңіл күйі жақсы болғанымен, оң қолы көгеріп кеткені байқалады.
Бұл туралы тележүргізуші Аманда Фергюсон тамырға ине еккеннен пайда болуы мүмкін деп болжады.
«Патшайымның оң қолы көгерген бе? Мүмкін, тамырға егетін ине тамшыларынан шығар?» – деп жазды ол Twitter-де.
II Елизаветаның қайтыс болғаны 8 қыркүйекте белгілі болды. Таңертең Букингем сарайы патшайымның денсаулығы нашарлағандықтан, медициналық бақылауда екенін хабарлады. Патшайымның соңғы күндері Балморалда өтті.