Қазақстан аумағы бойынша желдің екпіні 15-23 м/с
Қазақстан аумағының басым бөлігі кең Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.
Елдің тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс әлі де циклондық қызмет пен атмосфералық фронттардың ықпалында болып, жаңбыр жауады. Шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ұласады). Қазақстан аумағы бойынша желдің екпіні 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында 23-28 м/с болады, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан обласының солтүстік-шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде 1-2 градус үсік күтіледі.