Ел президенті зейнетақыны екі есеге көбейтіп жатыр

Халық үні

Қырғызстанда әйелдер 58, ал ерлер 63 жасында зейнетке шығады

фото: акчабар

Ел президенті Садыр Жапаров зейнетақы 1 қазаннан бастап көбейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алғашқы жылдары зейнетақыны көтеру әрқашан орта есеппен 200-300 сом (1100-1700 теңге) көлемінде өсетін. Енді ел бойынша бір мезгілде зейнетақыны орташа есеппен 1700-ден 3400-ге дейін (9700-ден 19400-ге дейін) көтеру туралы шешім қабылданды.

«Біз мінсіз ақы дейтін ойлан аулақпыз. Бірақ бүгінгі бюджет мүмкіндіктеріне сүйене отырып, біз азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасап жатырмыз», - деп жазды Қырғызстан президенті Facebook парақшасында.

Қырғызстанда әйелдер 58, ал ерлер 63 жасында зейнетке шығады.