Дау тудырған Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші бұзылды

Халық үні

Ескерткіштің сәтсіз шыққанын айтқандар көп болды

Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің Ұлытау облысының Жаңарқа ауданындағы ескерткіші қызу талқыланған болатын.

Тас мүсіннің сәтсіз шыққанын айтқандар көп болды. Осыған байланысты бүгін ескерткіш бұзылды. Бұл туралы аудан әкімі Юржан Бекқожин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Кешеден бері олқы шыққан ескерткіш жайлы қазақтың әр азаматы өз ойын айтып, жанашырлық танытуда. Кеше ескерткішті орнынан алып, мүсінді қайта жаңғырту шараларын қолданатынымыз жайлы айтқан болатынмын. Бүгін Ақселеу ағамыздың ағайын-туысымен кездесіп, барлық жағдайды түсіндірдім, ұсынысымды айттым. Дәл қазір көңілге қонымсыз жасалған мүсінді бұзу жұмыстары басталды»,  – деп жазды әкім.