×

Жамбыл облысында қайғылы жағдай болды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр 

 Халық үні 11.09.2022 | 20:52
фото: Halyq Uni

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тасжолда төрт адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Жамбыл облысы полиция департаменті оқиға 10 қыркүйекте Алматы – Ташкент республикалық маңызы бар автожолдың 219-шақырымында болғанын мәлім етті.

Күндіз шамамен 14:30-да «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Қордай ауылы жағынан Әлжан Ана ауылына қарай келе жатқан. Автокөлікте төрт жолаушы болған. Рөлді басқара алмай қалған жүргізуші көлікті аударып жіберген, содан кейін автомобиль инерциямен ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан «Volkswagen Passat» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, – деді ПД өкілдері.

Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Қордай ауылының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама