Денис Теннің анасы федерациядағы жанжалдан кейін қызметінен кетті

Қымбат Елтайқызы

Оксана Тен атқаратын федерациядағы лауазым жойылды

фото: Halyq Uni

Елордада «Ұлттық конькишілер федерациясы» РҚБ құрылтайшыларының жиыны өтіп, федерация құрылымын оңтайландыру және РҚБ жұмысының сапасын арттыру мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды.

Құрылтайшылардың жалпы дауыс беруімен федерация жарғысына түзетулер енгізіліп, вице-президенттердің лауазымы жойылды.

Оксана Тен (марқұм Денис Теннің анасы) Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті болып 2019 жылы сайланған еді.

Жақында федерация жаттықтырушылары Оксаны Тенді айыптап, оны қызметінен алып тастауды сұрады.

Оксана Тен осы дауға қатысты арнайы баспасөз мәжілісін өткізіп, өзін сынап, жұмыстан шығару туралы хат жазғандарға жауап берді.

«Жаттықтырушылардың тағып отырған айыптары орынсыз. Мені жиналыс өткізбеді, осы уақытқа дейін шешімді өзі қабылдайды депті. Ол — өтірік әңгіме. Бірнеше рет жиналыс өтті. Zoom арқылы да талай ақылдастық. Ол жиналыстарға барлық өңірдегі жаттықтырушылар қатысты. Тіпті, хатта қол қойғандардың өздері де сол жиында болды», — дейді Оксана Тен.