Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұржан Календеров 2019-2020 жылдары да облыс әкімінің орынбасары болды

 Халық үні 14.02.2022 | 11:41
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұржан Календеров, фото: gov.kz

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Нұржан Календеров тағайындалды.

Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы болып еңбек еткен.

Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Шу ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама