Павлодарда белгілі футболшының мүрдесі 6 күннен кейін табылды
Досымен балық аулап жүріп, жардан 12 метр тереңдікке құлаған
Павлодарда Ертіске батып кеткен футбол командасының жаттықтырушысы Роман Богдановтың мүрдесі 6 күннен кейін ғана табылды. Құтқарушылардың айтуынша, ол досымен балық аулап жүріп, жардан 12 метр тереңдікке құлаған. Футболшының досы жүзе білмейтіндіктен оған ешқандай көмек көрсете алмапты.
Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, туыстары, достары мен еріктілер қатысты. Тек бүгін, 6 күннен соң мүрдесі су бетіне шығып, кездейсоқ табылды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - дейді «Поисковики города Павлодара Vita» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцева.
Бұл ақпаратты Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті де растады.
Ертістегі Кенжекөл ауылы ауданында 10 қыркүйекте сағат 16.53-те ТЖД қызметкерлері 5 қыркүйекте суға батып кеткен 1995 жылғы ер адамның денесін судан алып шықты, - деді облыстық ТЖД өкілі.