Halyq Uni логотип
×

Қытай кәсіпкерлері БҚО-дан киік мүйізін өңдейтін зауыт ашпақ

Сондай-ақ киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады

 Еркеғали Болатұлы 11.09.2022 | 11:12
Қытай кәсіпкерлері БҚО-дан киік мүйізін өңдейтін зауыт ашпақ
фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қытай компанияларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында қытайлық кәсіпкерлер ақбөкендерді өсіретін орын ашуды ұсынды деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шараға бейнебайланыс арқылы Қытайдан инвестициялық қор, фармацевтикалық мәдениетті зерттеу қауымдастығы, ұлттық жабайы табиғатты сәйкестендіру орталығының өкілдері, жергілікті сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысқан.

Кездесу барысында Қытай компаниялары жеке қаражат есебінен Батыс Қазақстан облысында киік өсіруге арналған орын ашуды ұсынды. Сол жердегі лабораторияда киіктің дериват (мүйізін) өңдеу зауытын орналастырып, біріккен мекеме ашу туралы жоспарларымен бөлісті. Өңір басшысы мәселені жан-жақты зерттеп, берілген ұсыныс қаралатынын жеткізді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар киіктерді қорғай отырып, ғылыми зерттеу жүргізу арқылы аулауға мүмкін болатын мөлшерін талқылады. Өз кезегінде облыс әкімі шұғыл түрде киіктердің популяциясын реттеу бойынша тұжырымдама әзірлеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама