×

Абай облысында 40 гектар жер өртеніп жатыр

40 гектар аумақта шөп жанды

 Халық үні 10.09.2022 | 20:55
ашық дереккөзден

Абай облысы Жарма ауданында 40 гектар жер өртеніп жатыр.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінде ашық алаңда өрт шықты.

«40 гектар аумақта шөп жанды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Жарма аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында жүр», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында да екі өрт шыққан. Бір от ошағы сөндірілсе, екіншісі оқшауланды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев шұғыл түрде жедел штаб отырысын өткізді. Ол ТЖД басшылығына жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында барлық дала өрттері сөндірілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама