×

Президент Абай облысында ерлік көрсеткен өрт сөндірушілерді марапаттады

Мемлекет басшысы сәйкесінше жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 10.09.2022 | 12:46
Фото: news.myseldon.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында табиғи өртті сөндіруде ерлік көрсеткен өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін үш азамат наградталды.

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) –  Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы – Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

«Ерлігі үшін» медалімен:

Нұрлан Сәлімжан –  Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт  сөндірушісі, – делінген құжатта.

Президент жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама