×

АҚШ соты Қазақстанның Нью-Йорк қаржыгеріне қарсы алаяқтық ісі жалғасу керек деп шешті

Дэниел Чапмэн Статимен заңсыз сөз байласқан

 Ербол Тұрымбет 14.02.2022 | 09:35
көрнекі фото: dcforecasts.com

Нью-Йорк федералды соты Қазақстанның Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чапмэнге және оның Argentem Creek («Чапмэн») компаниясына қарсы молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Статидің кең ауқымды алаяқтық схемаларындағы рөлі үшін, оның сот ісін қабылдамау әрекеттеріне қарамастан, жалғасады деп шешті. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

2022 жылғы 11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің Оңтүстік округі): (1) Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды; (2) Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін, талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамай тастады; (3) Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады; және (4) Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

«Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін бастапқыда берілген сотта қарауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арызда анықталғандай, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған, алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына ол Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан», - деп хабарлайлы Әділет министрлігі.

Статидің алаяқтығы Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімімен расталған. Онда сот Статидің Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.

Нью-Йорк сотының бұл шешімі АҚШ федералды сотының Чапмэннің Статидің алаяқтығына қатысуы үшін жауапкершіліктен жалтару әрекетін қабылдамаған екінші жағдай. 2021 жылы наурызда АҚШ-тың Колумбия округтік соты Чапмэннің Нью-Йорктегі сот процесіне тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады. Бұл ретте Вашингтон соты Чапмэннің сот Қазақстанның Стати алаяқтық жасады деген айыптауы мәні бойынша шешім шығарғаны туралы жалған мәлімдемесін қабылдамады.

Жақында тағайындалған ҚР Әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге келесідей түсініктеме берді:

Нью-Йорк сотының бүгінгі шешімі Қазақстанның жемқорлыққа қарсы және Стати мен оның сыбайластарын жауапкершілікке тарту жөніндегі жалғасып жатқан әрекеттеріндегі қуантарлық оқиға. Енді Чапмэннің Стати алаяқтығына қатысқандығы АҚШ сотында толығымен ашылатын болады, - деп түсіндірді министр.

Бұған дейін Әділет министрлігі Статидің жеңілісін мойындағаны және Ұлттық қордың 530 млн АҚШ долларына салынған тыйым алынатыны туралы хабарлады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама