Денесі екіге бөлініп кеткен: Оралда тепловоз оқушы қызды қағып өлтірді

Халық үні

Машинист 100 метр қашықтыққа жақындағанда теміржолдан қауіпсіз қашықта тұрған қыз баланы көрген

©ЭК

Оралда рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған оқушы қызды тепловоз басып өлтірді, деп хабарлайды Экспресс К сайты. 

Қалалық полиция басқармасының желілік бөлімі мәлім еткендей, тепловоз рұқсат етілген жылдамдықтан біршама төмен, яғни сағатына 50-55 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.

Машинист 100 метр қашықтыққа жақындағанда теміржолдан қауіпсіз қашықта тұрған қыз баланы көріп, алдын ала ескерту дабылын қосады. Алайда қыз кенеттен рельске жүгіріп шығады.  Жүргізуші шұғыл тежегішті басқанымен, жылдамдығын азайтып үлгермеген.

«Жасөспірім қыздың денесі белінен екіге бөлініп кеткен. Медициналық сараптама машинистің ішімдік ішпегенін көрсетті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Орал қалалық ПБ желілік бөлімінен.