Ертең Ұлыбританияда мұрагерлік кеңес жиналады
Букингем сарайында мемлекеттік ту түсіріліп, он күн аза тұту жарияланды
Ертең, сенбі күні Ұлыбританияда мұрагерлік кеңес жиналады.
Бұл кеңесте Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігінің II Елизавета патшайымы қайтыс болғаннан кейін оның орнына III Карл ресми түрде тақ мұрагері болып жарияланады. Кеңес қалыптасқан тәртіп бойынша Сент-Джеймс сарайында болады. Оған кеңеске мүше 700-ге жуық адамның орнына осы жолы 200 адам ғана қатысады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, кеше II Елизавета патшайымы қайтыс болған еді. Осыдан кейін Букингем сарайында мемлекеттік ту түсіріліп, елде алдағы он күн аза тұту деп жарияланды. Ал оның ұлы 73 жастағы ханзада Чарльз бірден король атанып, өзін ресми хаттамада III Карл деп атады.