Ақтөбе облысында мас жігіт өз әкесін пышақтап өлтірді
Күдікті қамауда отыр
Ырғыз ауданында күдікті 58 жастағы әкесін пышақтады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 8 қыркүйекте болған.
28 жастағы күдікті үйге мас күйде келген. Кейін үйде ұрыс-керіс болып, әкесі мен баласы сөзге келіп қалған. Ашуға ерік берген күдікті 58 жастағы әкесіне ас үй пышағын сұққан. Жәбірленуші аудандағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оны ажалдан құтқара алмады, - деп жазылған хабарламада.
Бұл факт негізінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.