×

Катонқарағайда төтенше жағдай жарияланды

Аудан әкімі өрттің таралмауын қатаң бақылауға алатынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2022 | 16:54
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында өртке байланысты Катонқарағай мен Алтай аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Аудан әкімдіктерінің тиісті шешімі «Ашық» НҚА сайтына шықты.

Табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдайды жою басшысы болып Катонқарағай ауданының әкімінің орынбасары Расул Мырзабекович Карабалинов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын, –  делінген Катонқарағай ауданының әкімінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ол осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіне қалдыратынын, шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама