Тексеріс барысында 4,8 млн теңгенің заңбұзушылығы анықталды
Елімізде тұрғындар банктер, коллекторлар және микроқаржылық ұйымдардың қызметіне 2,4 мың рет шағым түсірген, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері шілдеде банктер, микроқаржылық ұйымдар, коллекторлық агенттіктер және сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 2 478 өтінішті қараған. Бұл 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 55%-ға аз.
Өтініштердің ең көп үлесі – банк секторына тиесілі. Ол өтініштердің жалпы санының 74,1%-на тең.
«Микроқаржылық ұйымдарын қызметі бойынша – 10,5%, сақтандыру нарығы субъектілері – 3%, коллекторлық агенттіктер – 2%, басқа ұйымдар – 10%», - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
Аталған барлық ұйымның қызметін тексеру барысында 4,8 млн теңгеге заңбұзушылық анықталды: 3 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 1 жазбаша нұсқама, 15 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама бойынша 13 әкімшілік жаза қолданылған.