Halyq Uni логотип
×

Алдағы 3 күнде елдің солтүстігі мен орталығында -3 градусқа дейін үсік жүреді

Жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады

 Еркеғали Болатұлы 09.09.2022 | 16:25
Алдағы 3 күнде елдің солтүстігі мен орталығында -3 градусқа дейін үсік жүреді
фото: Halyq Uni

Осы аптада Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына әсер етеді деп хабарлады «Қазгиромет» РМК.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай, 11-12 қыркүйекте жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жел соғып, жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер 10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүретінін болжады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама