Қуат Хамитов қайтып жекпе-жекке шығады

Дастан Жұмабекұлы

Ол қаңтар айында спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді

фото: ашық дереккөз

Белгілі файтер Қуат «Найман» Хамитовтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды.

Ол 10 қыркүйек күні Атырауда MFC3 турнирінде октагонға шығады. Кештің басты жекпе-жегінде Қуат Хамитов ресейлік нокаутер Василий Бабинцевпен күш сынасады.

Бұған дейін ол украиналық Заки Фатуллазадемен төбелесуі керек еді.  Алайда соңғы сәтте жекпе-жек өтпейтін болып шешілді.

«Найман» қаңтар айында спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді. Енді октагонға қайта шығамын деп отыр.