×

Жайылымнан 2 млн теңгеге бағаланған қойлар ұрланды

Күдіктілер Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 09.09.2022 | 10:04
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жайылымнан екі шетелдік азамат 2 млн теңгеге бағаланған қойларды ұрлап кеткен.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, жайылымдық жерден әр бас қой 70 000 теңге болатын 27 бас қойын белгісіз біреулердің жымқырып кеткенін айтқан.

Осы қылмыс ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды. Жедел тексеріс кезінде қылмысқа күдікті ретінде шетелдің екі азаматы ұсталып, қамалды.

Күдіктілер Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының азаматтары болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама