Бүгін III Карл таққа отырады

Дастан Жұмабекұлы

Елизавета патшайым 10 күннен соң жерленеді

фото: ашық дереккөз

Бүгін Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің жаңа монархы ресми түрде жарияланады.

Таққа кеше 96 жасында қайтыс болған II Елизавета патшайымының  үлкен ұлы Чарльз ханзада таққа отырады. Ол Британияның жаңа королі болған соң III Карл есімін алды.

Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу шарасына аттанады.

Елизавета патшайым 10 күннен соң жерленеді. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.

Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Әлі де жолдап жатыр.