×

Елорда әуежайының жұмысынан көптеген заң бұзушылық анықталды

 Халық үні 08.09.2022 | 22:37
Фото: inbusiness.kz

Елорда әуежайының жұмысынан көптеген заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерімен отырыс өткізді. Онда ҚР ИИДМ ішкі аудит қызметінің биылғы тамыз айында елорда әуежайына жүргізген тексеріс қорытындысы талқыланды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша әуежай басшылығы тарапынан жасалған көптеген кемшіліктер мен бірқатар заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, сатып алу рәсімдерінің мемлекеттік сатып алу порталынан тыс жүргізілуі, келісімшарттарды жасау барысында ашықтықтың болмауы, еңбекақы төлеу жүйесіндегі заң бұзушылықтар, жанар-жағармай материалдарын заңсыз босату, ұйымдық құрылымды құрудағы бей-берекетсіздік, Қоғам басшылығы арасындағы қызметтік міндеттемелерді заңсыз бөлу сынды заңдылыққа қайшы әрекеттер анықталды. Сонымен қатар Директорлар кеңесі әуежайдағы бірқатар қызметтерді (авиажанармайды тарату, нысандарды жалға беру) аутсорсингке беру кезінде қажетті талаптардың сақталмағанын анықтады. Өз кезегінде бұл аталған қызметтердің тиімсіздігіне әкеп соқты, - делінген министрлік мәліметінде.

Кеңес барысында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Директорлар кеңесі компания басқармасына аталған заң бұзушылықтарды жою бойынша арнайы жоспар құруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама