Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский Варшаваға ұшып кеткен.
Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский елден кетіп қалды, деп хабарлайды ТАСС.
«Ол таңертеңгі рейспен Варшаваға ұшып кетті», - деп хабарлады дереккөз агенттікке.
Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан. Кейін Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады.