Halyq Uni логотип
×

Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кетіп қалды - БАҚ

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский Варшаваға ұшып кеткен.

 Халық үні 08.09.2022 | 20:21
Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кетіп қалды - БАҚ
Фото: ria.ru

Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский елден кетіп қалды, деп хабарлайды ТАСС.

«Ол таңертеңгі рейспен Варшаваға ұшып кетті», - деп хабарлады дереккөз агенттікке.

Еске салайық, Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұқбатында «Орыстарды барынша қырып-жою керек. Қазір біз мейлінше олардың көзін жойсақ, ертең біздің ұрпағымыз қан төкпейтін болады» деген пікір айтқан. Кейін Петр Врублевский дөрекі сөздері үшін кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама