Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.
Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.
Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске президентіміздің қатысуы қарастырылып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді, - деді Ушаков журналистерге.
Сонымен қатар Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесуді жоғары деңгейде яғни, «Ресей – Орталық Азия» форматында өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері 19 тамызда Сочиде кездесті.