×

Тоқаев Қаңтар оқиғасының құрбандарына арнап құран бағыштау рәсіміне қатысты

Қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті

 Халық үні 13.02.2022 | 14:35

Мемлекет басшысы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштау рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев құран бағышталған соң арнайы сөз сөйледі. Президент биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын, халқымыз өте қиын күндерді бастан өткергенін айтты.

«Мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің болашағына қауіп төнді. Біз лаңкестерге дер кезінде тойтарыс беріп, бетін қайтардық. Өкінішке қарай, дүрбелеңде бірқатар азаматымыз қаза тапты. Бұл – нағыз қасірет. Қазіргі таңда тиісті мекемелер азаматтардың әрбір ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адам құқығын қорғау мәселесі мен үшін аса маңызды. Қайғылы жағдай бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыған байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланғанын еске салды.    

«Сол қасіретті оқиғадан бері 40 күн өтті. Бүгін марқұмдардың рухына құран бағыштау үшін мешітке арнайы келдім. Қаза болған адамдардың жақындарына тағы да көңіл айтамын. Мемлекет қаралы шаңырақтарды қараусыз қалдырмайды. Мен қайтыс болған азаматтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуді тапсырдым», – деді Президент.

Президент сөзінің соңында Қазақстан халқына сабыр, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі Сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін тұтас ел болып Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35