Halyq Uni логотип
×

СҚО-да полицейді пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды

 Самат Жақып 08.09.2022 | 14:35
СҚО-да полицейді пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Halyq Uni

Петропавлда 32 жастағы полиция инспекторының өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетейік, 2022 жылдың мамырында марқұмның мәйіті өз пәтерінен табылды. Оның кеуде тұсынан пышақтаған. Іске байланысты күдікті ретінде марқұмның әйелі тергелді.

Тергеу кезінде әйел кінәсін толық мойындады.

Іс барысында ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққаны, оның арты қайғылы жағдаймен аяқталғаны белгілі болды.

Барлық мән-жайды ескерген мемлекеттік айыптаушы әйелді 8 жылға соттауды сұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелге қатысты үкім шықты. Сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот шешіміне сай, әйел жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ сотталушы моральдық зиян келтіргені үшін жалпы сомасы 4 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, марқұмның артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама