Парламент пен президент сайлауына 45 млрд теңге қажет – вице-министр
Қаржы Үкімет қорынан бөлінеді
Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева алда өтетін президент сайлауына шамамен 20 миллиард теңге жұмсалатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қазір шығындарды әлі есептеп жатыр.
Қаржы Үкімет қорынан бөлінеді. Шамамен 20 миллиард теңге. Парламент сайлауына 25 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Осылайша, Парламент пен президент сайлауына 45 миллиард теңге қажет, – деді Татьяна Савельева.
Айта кетейік, 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күзде президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын. Сондай-ақ ол президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу керектігін ескертті.