Мал азығын дайындау қарашада аяқталады
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның бірнеше өңірінде болған өртке қарамастан қыста шаруалар жем-шөптен тапшылық көрмейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде мал азығын дайындау бойынша штаб құрылған. Ол жұмыс істеп жатыр.
«Қазақстанда мал азығын дайындау мәселесі тұрақты бақылауда», - деді Ербол Қарашөкеев Сенат отырысынан соң.
Кейін министр Қостанай облысындағы өртке тоқталды.
Бұл оқиға жем-шөп дайындауға қатты әсерін тигізбейді. Мал азығын дайындау жұмысы қарашада аяқталады. Осыған дейін барлығын әзірлесек, ешқандай қиындық тумайды. Негізі біздің шаруалар жем-шөпсіз қалады деген күдігіміз жоқ. Бәрі тұрақты, - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, кеше ТЖМ Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілгенін хабарлаған еді.