Halyq Uni логотип
×

Қарашөкеев шаруалардың қыста жем-шөптен тапшылық көрмейтінін айтты

Мал азығын дайындау қарашада аяқталады

 Дәурен Ерболат 08.09.2022 | 13:33
Қарашөкеев шаруалардың қыста жем-шөптен тапшылық көрмейтінін айтты
Фото: azh.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның бірнеше өңірінде болған өртке қарамастан қыста шаруалар жем-шөптен тапшылық көрмейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде мал азығын дайындау бойынша штаб құрылған. Ол жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстанда мал азығын дайындау мәселесі тұрақты бақылауда», - деді Ербол Қарашөкеев Сенат отырысынан соң.

Кейін министр Қостанай облысындағы өртке тоқталды.

Бұл оқиға жем-шөп дайындауға қатты әсерін тигізбейді. Мал азығын дайындау жұмысы қарашада аяқталады. Осыған дейін барлығын әзірлесек, ешқандай қиындық тумайды. Негізі біздің шаруалар жем-шөпсіз қалады деген күдігіміз жоқ. Бәрі тұрақты, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, кеше ТЖМ Қостанай облысындағы өрт толық сөндірілгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама