×

Антикор қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Оған 15 млн теңге айыппұл салынды

 Халық үні 08.09.2022 | 11:45
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Әлеуметтік желілерде пара алғаны үшін Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі А. Ізбасар туралы ақпарат тарады. Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық соты үкім шығарып, заңды күшіне енді.

Үкімге сәйкес Ізбасарға арнайы атақтан айыра отырып, 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

А. Ізбасарды Агенттіктің өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелегенін атап өту керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама