25 жастағы жұмысшысы сол жерде қайтыс болды
7 қыркүйек күні сағат 12:21-де Павлодар облыстық полиция департаменті Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша хабарланды.
Анықталғандай, Промышленная көшесі, №1 үйде бетон плиталарды орнату кезінде ЖШС-нің 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған. Жас жігіт алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.