×

Павлодарда ер адамның үстіне бетон плитасы құлады

25 жастағы жұмысшысы сол жерде қайтыс болды

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 10:20
фото: ашық дереккөз

7 қыркүйек күні сағат 12:21-де Павлодар облыстық полиция департаменті Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша хабарланды.

Анықталғандай, Промышленная көшесі, №1 үйде бетон плиталарды орнату кезінде ЖШС-нің 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған. Жас жігіт алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама