Польша әскері бұл уақытты барынша қайта жарақтануға пайдалануы керек
Польшаның қорғаныс министрінің орынбасары Марцин Оцепа алдағы 3-10 жылда Ресеймен соғыс болу қаупі барын айтты, - деп хабарлайды Dziennik.pl.
Оцепаның сөзінше, мемлекет Польша әскери бұл уақытты барынша қайта жарақтануға пайдалануы керек. Басылым мәліметінше, елдің келесі жылға арналған бюджет жоспарында көп шығын әскерге кетпек - 97 миллиард злота, оның 40 миллард злотасы негізінен Ұлттық Қорғаныс министрлігінің инвестициялары мен инвестициялық сатып алуларын жүзеге асыруға арналған күрделі шығындар.
«Біз тарихтағы ең өршіл қару-жарақ бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз және бұл шаралар оны жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз «Абрамс» және К2 танктерін,«Краб» және К9 зеңбіректерін, HIMARS зымыран-артиллериялық кешендерін, барлау және байланыс спутниктерін, Әскери-теңіз күштеріне арналған зымыран фрегаттарын, дрондарды сатып аламыз», - деді Оцепа.
Сонымен қатар, елде он жылда әскерилер санын көбейту жоспары да бар.