Салдарынан 191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды
Қостанай облысындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, облыста өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыған.
Салдарынан 191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде олардың барлығы өз үйлеріне оралды... Өрт болған жерде бір адамның денесі табылды. Бүгін түскі сағат 3-тегі мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді, - деді Дмитрий Титов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Өртті сөндіруге 2 мыңнан аса адам мен 211 техника жұмылдырылған.