×

Ғалымдар коронавирустың жарқанаттан тарағанын жоққа шығарды

Бұл жануарлардың мұндай вирустың «резервуары» екеніне дәлел таппады

 Динара Амантай 07.09.2022 | 16:09
Фото: demo.todayindya.com

Тель-Авив университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде коронавирус пандемиясының пайда болу көзі – жарқанаттар деген нұсқаға дәлел болатын деректер таппады. Бұл туралы ақпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналында жарияланды.

Біз жүргізген жан-жақты зерттеу жарқанаттардың COVID-19 індетінің таралу көзі болуы мүмкіндігіне қатысты зор күмән тудырады, - дейді зерттеу жетекшісі.

Ғалымдардың пікірінше, жарқанаттар басқа сүтқоректілер үшін қауіпті деп саналатын вирустармен оңай күресуге мүмкіндік беретін өте тиімді иммундық жүйеге ие.

Зерттеушілер коронавирустың ежелгі кіші түрлерінің көзі жарқанаттар болуы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар болса да, коронавирус пандемиясына қатысты бұл нұсқаға сенімділік жоқтығын алға тартады.

Жарқанаттарда COVID-19 антиденелерінің болуы олардың ұқсас ауруға шалдыққанын және оған иммунитетті дамытқанын білдіреді, бірақ бұл жануарлардың мұндай вирустың «резервуары» екенін дәлелдемейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама